Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
Инвестициялық жобалар аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат тыңдалып, жобалардың іске асырылу барысы мен қол жеткізілген нәтижелері жан-жақты талқыланды.
• Мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптар мен стандарттарға сәйкестігі қаралып, оларды пайдалану кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
• Ауылдық елді мекендерде мал ауруларының тіркелуіне байланысты карантин енгізілген аумақтар туралы мәлімет беріліп, эпизоотиялық жағдайды бақылау және алдын алу шараларын күшейту мәселелері талқыланды.
• Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға арналған екі пәтерлі бос тұрған тұрғын үйлерді құқық қорғау органдырмен отбасы банк өкілдеремімен бірлесе аудан тұрғындарына беру бойынша нақты жұмыстарды атқару тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеу және қабылданған шешімдердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1154231?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау