АУДАНДАҒЫ КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан көлеміндегі криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аудан прокуроры Дабыл Аянұлының ұйымдастыруымен бүгін Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жиналыс өтті.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық мәслихат депутаты Бердіғали Өмірәлі қатысты.
Жиында кәмелетке толмағандармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау мәселелері талқыланды.
Жиын соңында криминогендік ахуалды жақсарту және профилактикалық шараларды күшейту жөнінде тиісті шаралар белгіленді.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1154422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version