Бүгін Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінде ауылдық округ әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысып, тұрғындармен пікір алмасты.
Жиын барысында ауылдық округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, абаттандыру, ауыз су, жол және өзге де маңызды бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жобалар таныстырылды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер аудандық мәслихат төрағасының назарында болып, оларды шешу жолдары тиісті сала мамандарымен бірге қарастырылатын болды.
Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1154864?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау