Діни бірлестіктер өкілдерімен Конституцияға енгізілген өзгерістер жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 ақпанда Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында діни бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, зайырлылық қағидаттарын нығайту және заңнамалық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру болды.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шөкеева қатысып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Ол өз сөзінде бұл өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ діни бірлестіктердің қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті қалыптастырудағы рөлі ерекше екені айтылды.

Сонымен қатар, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әнесов сөз сөйлеп, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Ол ардагерлер қауымы әрқашан мемлекет тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді қолдайтынын жеткізіп, жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде діни ұйымдармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Діни бірлестік өкілдері ұсынылған ақпараттың өзекті екенін атап өтіп, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстарының жалғасуы қажет екенін білдірді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, өзара түсіністік пен конструктивті байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-din/press/news/details/1154834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version