«Инклюзивті сайлау – баршаға тең мүмкіндік»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Қордай ауылындағы  М.Х.Дулати атындағы орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен «Инклюзивті сайлау – баршаға тең мүмкіндік» тақырыбында қызықты кездесу өтті. Кездесуге Қордай аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев және Қордай аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова  қатысты.

     Кездесу барысында оқушыларға сайлаудың мәні мен маңыздылығы түсіндірілді, барша азаматқа тең мүмкіндік берудің жолдары туралы ақпарат берілді. Қатысушылар сұрақ-жауап сессиясына белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, арнайы сауалнама жүргізіліп, оқушылардың пікірлері жинақталды.

     Шараның негізгі мақсаты – жас азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау процесіне қызығушылығын ояту және мүгедектігі бар азаматтарды да толық қатыстыру арқылы инклюзивтілік қағидаларын насихаттау. Кездесуге қатысқан оқушылар тәжірибелік кеңестер алып, өз ойларын ортаға салды.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1154655?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version