Кәсіпкерлікті қолдау – тұрақты өсім кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданымызда 6371 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғаны – 6178 немесе 96,8 пайызды құрайды.
Жалпы аудан бойынша есепті мерзімде барлық қаржы көздерінен 324 жобаға 3 млрд. теңгенің жеңілдетілген несиелері алынды. Айтар болсақ,
– Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы шеңберінде аудандық
жұмыспен қамту орталығы арқылы 258 млн. теңгені құрайтын 170 жобаға грант;
– Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 716 млн.теңге болатын 9 жоба;
– «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 1 млрд. 515 млн. теңгені құрайтын 79 жоба;
– Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы құны 96 млн. теңге болатын 14 жоба несие алды.
2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 416 млн. теңге құрайтын 52 жоба қаржыландырылды.
– Ауыл шаруашылығы кооперативі – 6 жоба;
– Өңдеу және өндіріс саласы – 35 жоба;
– Егін шаруашылығы саласы – 6 жоба;
– Мал шаруашылығы саласы – 3 жоба;
– Қызмет көрсету саласы – 2 жоба.
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алуға 452 млн. теңгеге 43 жоба ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1154385?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version