КЕЛЕСТЕ ЛАЗЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ТЕМІР БҰЙЫМДАР ШЫҒАРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының орталығы Абай ауылында заманауи өндіріс қарқын алып келеді. «Келес Дәнекерлеу» цехы тұрғындар мен мекемелерге арнап түрлі темір бұйымдарын дайындап отыр. Кәсіпорын темірді дәл әрі сапалы кесетін лазерлік құрылғымен жабдықталған.
Бүгінде цехта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа айлық жалақы – 350 мың теңге. Мұнда үй қақпалары мен қоршаулар, ғимараттардың сыртқы сәндік элементтері, мемлекеттік және жеке ұйымдардың логотиптері дайындалады. Тапсырыстар тек Келес ауданынан ғана емес, Түркістан облысы, сондай-ақ Ақтау, Алматы, Атырау қалаларынан да келіп түсуде.
Цех иесі Сирожиддин Бабахановтың айтуынша, сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушылар өз қалауынша дизайн мен өлшем таңдай алады. Кәсіпорын сапаға басымдық береді, әр бұйым мұқият тексерістен өтеді. Алдағы жоспар – өндіріс көлемін ұлғайтып, цехты зауыт деңгейіне жеткізу. Болашақта еліміздің барлық өңіріне жеткізу қызметін жолға қою көзделіп отыр.
Айта кетейік, Келесте теміршілік дәстүрі тереңнен бастау алады. Абай ауылында 135 жылдан бері темір бұйымдарын жасап келе жатқан Хашимовтар әулеті бар. Бүгінде Зайыр атаның ұлдары – Зәкір, Әділ және Бахрам ата кәсіпті жалғастырып, ел игілігі үшін еңбек етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1154484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version