Кент және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 4 ақпан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясы өтті.
Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселесі шығарылып, талқыланды.
Бюджетке өзгеріс енгізу барысында облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттар кент және ауылдық округтердің көше-жол құрылыстарына, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындар толықтырылып, тиісті өзгерістер енгізілді.
Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев жаңа Ата Заң жобасының маңыздылығын атап өтіп, бұл бастамаға депутаттардың жоғары жауапкершілікпен қарап, белсенді атсалысуға шақырды.
Сессия жұмысы «Youtube» арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1154794?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version