«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі және жоғары академиялық бакалавриат түлектеріне маман сертификатын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу мақсатында өтінім elicense.kz порталы арқылы беріледі.
Өтінім беру кезінде түлектер «Алғаш рет өтінім берілетін мамандық бойынша маман сертификатын алу» әрекетін таңдауы қажет.

«Мамандықтар / мамандандырулар тізбесі» бөлімінде
«Орта білімнен кейінгі және жоғары академиялық бакалавриат бойынша “Мейіргер ісі” мамандығының қызметкерлері» көрсетілуі тиіс.

Өтінім берілетін (үміткер) мамандықтың атауы ретінде
«Мейіргер ісі» (орта білімнен кейінгі және жоғары академиялық бакалавриат) деп көрсетіледі.

Біліктілік деңгейі білім деңгейіне қарай таңдалады:

  • 5.0 — орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат);

  • 6.0 — жоғары білім (академиялық бакалавриат).

Қосымша түрде білім туралы дипломның түпнұсқасын, сондай-ақ өтінім берілген мамандық бойынша кәсіби даярлықты бағалаудың оң нәтижесін (тестілеу нәтижесін) ұсыну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1155057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version