Мектептегі жасанды интеллект

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласының білім беру жүйесінде цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда мектептерде оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілуде. Атап айтқанда, цифрлық білім беру платформалары, оқу жетістіктерін талдауға, сондай-ақ оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге арналған зияткерлік құралдар қолданылуда. Педагогтер жаңа технологияларды меңгеру мақсатында арнайы оқудан өтіп, сабақтардың интерактивтілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи құралдарды пайдалануда.

Жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде сабақтарды жоспарлау, күрделілік деңгейі әртүрлі тапсырмаларды іріктеу, оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларын дамытуда қолданылуда. Бұл өз кезегінде білім алушыларға оқу материалын жеке қарқынымен меңгеруге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1155007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version