Мойынқұм ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында «Конституциялық реформа және заң үстемдігі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Жиынға аудан әкімі Ермек Карентаев төрағалық етіп, зиялы қауым өкілдері мен мекеме басшыларымен бірге жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында құжаттың мазмұны мен маңызы кеңінен сөз болып, енгізілетін басты жаңашылдықтар мен ерекшеліктер жан-жақты сараланды. Атап айтқанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін қамтамасыз етудің қоғам дамуы үшін шешуші мәні бар екені айтылды.
Сондай-ақ қатысушылар конституциялық өзгерістердің әділеттілік қағидаттарын күшейтуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Басқосу барысында өзара пікір алмасу өтіп, ұсыныстар мен ой-пікірлер ортаға салынды.
Жиын қорытындысында мұндай кездесулердің тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және реформалардың мәнін кеңінен жеткізуге ықпал ететіні айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1154844?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау