Жуалы ауданы орталық ауруханасында «Өзіңді тексеріп, қауіпсіз бол!» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында медициналық персоналға өрт және жер сілкінісі кезінде алғашқы іс-қимылдар мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Медицина қызметкерлеріне төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі, адамдарды эвакуациялау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары бойынша кеңес берілді. Акцияның басты мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейту.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау