ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ МІНДЕТ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қысқы жылу маусымында кәсіпкерлік нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін Шардара ауданында арнайы рейд жүргізілді.
Рейдке Шардара ауданының ішкі саясат бөлімі, «Тұрғын үй және газ қызметі» КММ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының «Шардара газ шаруашылығы» бөлімінің мамандары қатысты.
Жауапты мекемелер бірлесіп, кәсіпкерлік нысандарды аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Негізгі назар бұрын анықталған кемшіліктердің жойылуына аударылды. Мамандар газдан улану қаупі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, техникалық кеңестер беріп, жылу жүйелерінің дайындығын пысықтады.
Тексеру барысында тек ескерту берумен шектелмей, анықталған кемшіліктерді түзету жолдары да көрсетілді.
Газдан улану мен өрттің алдын алу — әрбір кәсіпкер мен тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаңыз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1154278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version