Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 04 ақпан күні Кербұлақ ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынға аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Отырысты Кербұлақ ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дуанаев Жақан Ноғайбайұлы жүргізді. Кеңес жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Алдымен Аудандық Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы кезеңге қойылған мақсат-міндеттер айқындалды. Жоспарда тұрғындармен кері байланысты күшейту, қоғамдық бақылауды жетілдіру және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға басымдық беру көзделген.

Сонымен қатар Кербұлақ ауданы аумағында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне келісім беру мәселесі қаралды. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту болды. Аталған мәселе халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру тұрғысынан жан-жақты талқыланды.

Отырыс барысында көтерілген барлық мәселелер кеңінен сараланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескерілді. Нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың нақты бағыттары айқындалды.

Қоғамдық кеңестің мұндай отырыстары аудан тұрғындарының мүддесін қорғауға, ашықтық пен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/1154788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version