🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Елдос Әмірханның төрағалығымен мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
🔰Күн тәртібінде “Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандармен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, алаяқтық пен интернет алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, отбасылық-тұрмыстық саласындағы қылмыстарды алдын алу профилактикасы саласында уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың тиімділігі” туралы Сарысу ауданы прокурорының орынбасары Досымжан Махажанов, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Аслан Жақыпбеков, аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысы Жуаныш Жарықбасов баяндама жасады.
🔰Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан прокуроры Елдос Әмірхан аудандағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тиісті жұмыстар жасау қажеттігін айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1154801?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау