🔹Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Сауран ауданы әкімдігінің Ескі Иқан ауылдық округында «Құқық кабинеттері» ашылған болатын. Аталған кабинеттер азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беріп, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сауран ауданы әкімдігінің Ескі Иқан ауылдық округ әкімінің аппаратында орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысы тексерілді.
🔹Кабинет барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен «Заң» дерекқоры, сондай-ақ e-otinish, «Ашық НҚА» порталы сияқты ақпараттық ресурстарға қолжетімділік қарастырылған.
🔹Әділет қызметкерлерінің тарапынан көшпелі консультациялық іс-шаралар өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1154619?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау