«Сайлауда заң үстемдігі – әділ таңдаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған шараға аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, жас сайлаушылар клубының мүшелерімен №3 Байзақ колледжінің белсенді білімгерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың бойында демократиялық ұстанымын қалыптастыру.

Дөңгелек үстел сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында өткізілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сауалдарға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы шеңберінде жауаптар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1154339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version