ШҚО-да жылыту маусымы қалай өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 2025-2026 жылғы жылыту маусымы 2025 жылғы 1 қазаннан басталып, қазіргі уақытта жоспарлы режимде өтуде. Өңірдің жылумен қамтылуы 3 ЖЭО және 34 орталықтандырылған қазандық арқылы жүзеге асырылады.

Жылыту жүйесіне 513 білім беру нысаны, 314 денсаулық сақтау нысаны, 12 әлеуметтік қорғау нысаны және 3 085 көпқабатты тұрғын үй қосылған.

Облыста температуралық кестенің сақталуын күнделікті бақылау жүргізіледі. Мүмкін болатын апатты жағдайларға жылдам әрекет ету мақсатында коммуналдық шаруашылықтың барлық бағыттары бойынша 270 қызметкерден тұратын 80 авариялық бригада құрылған және 112 техника бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар диспетчерлік қызметтер, коммуналдық кәсіпорындар және жергілікті атқарушы органдар арасындағы әрекет алгоритмдері бекітілген.

Бұл туралы ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының орынбасары Рауан Тұрысбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Күзгі-қысқы кезеңге арналған көмірге қажеттілік 3 087 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда халық пен бюджеттік ұйымдар көмірмен толық қамтамасыз етілген. Облыстың жылу көздері мен ЖЭО қоймаларында 253,3 мың тонна көмір жиналған, бұл 20 күндік нормативтік қорға сәйкес келеді. Отын жеткізу жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Рауан Тұрысбектің айтуынша, көмір бағасы бақылауда, 17–27 мың теңге аралығында өзгеріп отырады. Энергетика министрлігі, АО «ҚТЖ» және көмір өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп, отынды уақытында жеткізу және бағаның өсуіне жол бермеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету қажет, 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында коммуналдық инфрақұрылымды жөндеу және жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінген, бұл жылу желілерінің тозуын 55,6%-дан 50,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1154998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version