Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы Өмірхан Әйкенұлы аудан активімен жаңа Конституция жобасын талқылауға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды.

2026 жылдың 4 ақпан күні Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау бойынша аудан активі өтті.

Кездесу барысында Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлы жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысы мен заман талаптарына сай әзірленген, мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған, жаңа мазмұн мен мағынаға ие маңызды құжат екендігін атап өтті. Конституция-мемлекеттің тірегі, қоғамның дамуы мен тәртібін айқындайтын негізгі құқықтық принциптер жүйесі, оның тұрақтылығы мен әділеттілігінің темірқазығы.

Өз кезегінде Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы Өмірхан Әйкенұлы Жаңа Конституция жобасының адами капиталды нығайтуға, білім беру, ғылым және инновацияларды дамытуға ерекше назар аударылғанын, Қазақстан болашаққа сеніммен қарап, білімге, прогреске және азаматтардың әлеуетін дамытуға басымдық берудегі маңызын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының кең әрі мазмұнды қоғамдық талқылауының нәтижесі болды. Бұл Жаңа Конституциясының жобасы жай ғана заңдық құжат емес, ел дамуының стратегиялық басымдықтарын қайта айқындауға бағытталған қадам», — деді мәслихат төрағасы.

Кездесу қорытындысында белсенді азаматтық ұстаным танытуға,  жаңа Конституция жобасымен мұқият танысуға және қоғамдық талқылауды жергілікті деңгейде жалғастырылу ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1154888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version