Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді.

 

Отырыста Басқарманың 2025 жылғы жалпы қызметі қорытындыланып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.

 

Басқарма басшысы Анель Берікбайқызы Мұсаева 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.

 

Гаухар Сұлтанқызы 2025 жылғы қызметтің талдауы бойынша әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ескертпелер айтты. Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлеріне 2026 жылғы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1154893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version