ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Асаров Марат Аппазұлы – Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. 1968 жылғы 21 маусымда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш қыстағында дүниеге келген.
1985 жылы Қызылорда медициналық училищесінің «фельдшер» бөліміне оқуға түскен. 1986–1988 жылдары Қара теңіз әскери флотының теңіз жаяу әскер құрамында матрос болып әскери қызмет атқарған. 1991 жылы медициналық училищені тәмамдап, Тасбөгет аудандық балалар емханасында фельдшер болып еңбек еткен. Сол жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитариялық-гигиеналық факультетіне оқуға қабылданған.
1995–2000 жылдары ЖШС «Астана Сервис» мекемесінде атқарушы директор қызметін атқарған. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында оқуын жалғастырып, отбасылық жағдайына байланысты С. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық университетінде оқып, 2003 жылы «Медициналық профилактикалық іс» мамандығы бойынша білімін аяқтаған.
2003 жылдан бастап Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бас маман болып қызмет атқарған. 2007 жылы аса қауіпті індеттерді қадағалау бөлімінің басшысы, 2009 жылы Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы, 2011 жылы басқарма басшысының орынбасары, 2013 жылы Т. Рысқұлов ауданының басқарма басшысы болып тағайындалған. 2019 жылдан бастап Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
Нағыз басшының қадірі – құрғақ сөзінде емес, артында қалған айқын ізі мен атқарған ісінде. Марат Аппазұлы Асаров – сөзіне ісін серік еткен, әрбір әрекеті мен шешімінде әділдік пен жауапкершілікті көрсететін басшы. Марат Аппазұлы үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі – қатаң сақталуы тиіс өмірлік ұстаным. Оның бойындағы жинақылық пен сөйлеу мәдениеті, айналасына деген ілтипаты мен жұмысына деген адалдығы – заманауи мемлекеттік қызметшінің шынайы бейнесін айшықтайды.
Асаров Марат Аппазұлы мемлекеттік қызметтің абыройын сақтауға, заң талаптарының бұлжытпай орындалуына және халық денсаулығын қорғау ісіне адал қызмет атқаруда. Іскерлігі, мол тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері мен кәсіби шеберлігі арқылы ұжым ішінде зор беделге ие, жас мамандарға үлгі боларлық тәжірибелі басшы болып табылады. Осыған байланысты Асаров Марат Аппазұлы сала дамуына қосып отырған елеулі үлесі мен адал қызметі үшін үлгілі қызметкер ретінде жоғары бағаланып, үлгілі қызметкер ретінде жоғары бағалауға лайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1154932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version