Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізілуде
Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-шаралардың негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инфрақұрылымды қорғау, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы облысында 25,6 км арық, 3 км канал және 4,2 км өзен арнасы тазартылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол жолдарының астындағы 16 су өткізу құбыры тиісті күйге келтірілді. Қарды уақытылы шығару мақсатында облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында мердігер ұйымдарды тарта отырып, қар полигоны айқындалды. Гидрологиялық жағдайды бақылау үшін «Қазгидромет» РМК мен «Қазселденқорғау» АҚ бекеттерін қоса алғанда 42 гидробекет жұмыс істеп тұр. Өзендерде мұз кептелістері байқалмайды, гидрологиялық режим штаттық деңгейде сақталуда.
Ақтөбе облысында су басу қаупін азайту мақсатында өзен арналарының 9 км аумағында тазалау, тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Қорғаныш құрылыстарына ерекше назар аударылып, 23 км гидротехникалық нысан салынды, оның ішінде 4 км қорғаныш және 19 км үйінді бөгеттер бар. Сонымен қатар қолданыстағы бөгеттер мен үйінділердің 20,6 км бөлігі жөндеуден өткізілді. Еріген судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 9 км нөсер кәріз жүйесі және 8 км су бұру арналары салынды. 7 км жаңа арық жүйелері қазылды. Автожолдарда 233 су өткізу құбыры мен инженерлік нысан жөнделіп, орнатылды.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1770100865 сайтында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1154261?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау