Жетісу облыстық мәслихатының «Индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы.
  2. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы.

Отырысқа облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғ. Дәрібаев және облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Ә. Оңғарбекова қатысты.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Әділет министрлігінің ресми ұстанымын ескере отырып, шешім жобасы қайта әзірленді.

Ұсынылған шешімге сәйкес Ескелді ауданы бойынша қосымша 3 ауданішілік тұрақты маршрут әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізілмек. Олар:

№ 2 Қарабұлақ ауылы – Шымыр ауылы;

№ 3 Қарабұлақ ауылы – Абай ауылы – Өрқұсақ ауылы – Жетісу ауылы – Екпінді ауылы – Сырымбет ауылы;

№ 4 Қарабұлақ ауылы – Байысов ауылы – Алдабергенов ауылы – Жастар ауылы – Бақтыбай ауылы – Елтай ауылы – Өтенай ауылы.

Бұған дейін аталған аудан бойынша тізбеге тек 1 маршрут қана енгізілген.

Екінші мәселе бойынша облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Әлия Оңғарбекова баяндама жасады.

Аталған қағидалар туристердің су айдындарындағы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленгенін атап өтті.

2025 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексінің қабылдануына және Су ресурстары және ирригация министрлігінің үлгілік қағидаларының бекітілуіне байланысты, облыстық қағидаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігі туындағаны айтылды.

Бүгінгі таңда жобалар барлық қажетті құқықтық рәсімдерден өтті және комиссия мүшелері жоғарыда аталған шешімдердің жобаларын мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1154948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version