Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Ақпан 4, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Жұлдыз Сүлейменова: «Жаңа Конституция- Әділетті Қазақстанның құқықтық тірегі»

Жарияланды:

04/02/2026 13:50

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомствоға қарасты құрылым басшыларымен кезесіп, Ата Заңға енгізілетін іргелі өзгерістерді талқылады. Мемлекеттік қызметшілер сала министріне сауалдарын қойып, құжаттағы өзгерістерді талқылады.

Ата Заңның жаңа жобасы қоғам мүшелері мен сарапшылардың алты айға созылған қызу талқылауынан өтті. Талқылау кезеңінде 2 мыңға жуық ұсыныстар келіп түскен. Соның нәтижесінде, заңның 84 пайызы жаңартылды. Бұл реформалардың өзегінде жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы мен мемлекеттің жаңа саяси моделі жатыр. Құжат заман талабына сай, барлық қазақстандықтардың мүддесін көздейді. Конституциялық комиссияның алты мәрте өткен отырысында құжат мәтіні тағы да мұқият зерделенді.

Реформаның ең маңызды жаңалығы Конституцияның 3-бабында білім, ғылым және инновацияны дамытудың мемлекеттік қызметтің стратегиялық басымдығы ретінде алғаш рет ресми бекітілуі. Бұл норма адам капиталын дамытуды мемлекеттік саясаттың ең жоғарғы сатысына шығарды. Жаңа конституция аясында мемлекеттің барлық ерік-жігері ең алдымен зияткер ұрпақ қалыптастыруға жұмылдырылатын болады.

«Жаңартылған мәтінге сәйкес, азаматтардың білім алу құқығы әлеуметтік кепілдіктермен қайта нығайтылды. Мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алудың міндеттілігі және оқудың тегіндігі заң жүзінде бекемделді. Жаңа Конституция жобасы – бұл әрбір азаматтың сапалы білім алуы мен табысқа жетуіне жол ашатын «Әділетті Қазақстан» идеясының нақты көрінісі», -деді сала министрі.

Білім беру жүйесінің сапалық сипаты да Конституциялық деңгейде реттелді. Мемлекет тарапынан бекітілетін жалпыға міндетті білім алу стандарттары меншік нысанына қарамастан, барлық оқу орындары үшін ортақ талапқа айналады. Жекеменшік сектордағы білім беру мазмұны мен жауапкершілік деңгейі заңмен қатаң реттеліп, білім нарығындағы тәртіпті күшейту көзделген. Сондай-ақ, білім мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты елдің басты ұстанымы ретінде сақталады.

Жиынды қорытындылай келе, Жұлдыз Сүлейменова конституциядағы өзгерістер білім саласының дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді және әріптестерін осы жасампаз идеяларды бірлесе іске асыруға жұмылуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kdso/press/news/details/1154600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: «Құқық тәртібі әліпбиі»: Қарағанды облысында әділет департаменті қоғам үшін есік ашты
Next: 2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі мен номиналды кірістілігі оң деңгейде қамтамасыз етілді→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version