Астанада спорт федерацияларының басшылары Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Азамат Ағзамов елордалық спорт федерацияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен реформалар бойынша жан-жақты пікір алмасты. Жиынға жалпы 60-қа жуық жергілікті федерация өкілі қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Кездесу барысында спорт саласындағы құқықтық-нормативтік өзгерістердің федерациялар жұмысына ықпалы, мемлекеттік қолдау шаралары мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағыттары талқыланды.
Азамат Ағзамов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін, алдағы жалпыұлттық референдум әрбір азаматқа саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.
Жиын соңында Азамат Ағзамов жаңа Конституция жобасымен танысу және оны түсіндіру жұмысын жалғастыруды ұйымдастыруды тапсырды.
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1155739?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version