Аудан аумағында азық-түлік бағасына мониторинг ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда, оның ішінде сауда дүкендерінде азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг ұйымдастырылды.

Мониторингтің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына бақылау жасау, негізсіз қымбаттаудың алдын алу және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.

Тексеру барысында тауар бағаларының сақталуы, сауда талаптарының орындалуы және тұтынушылар құқықтарының қорғалуы басты назарға алынды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету қажет, бұрын әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 19 өнімнен тұрса, қазіргі таңда олардың саны 31-ге дейін ұлғайтылды.

Аталған бағыттағы бақылау және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1155392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version