Желілік кестеге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева Мәдениет үйі мен кітапхананың ұжымдарымен елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды талқылауға арналған кездесу өткізді. Ашық әңгіме форматында негізгі өзгерістерге жан-жақты тоқталып, реформалардың негізгі бағыттары талқыланып, туындаған сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ қатысушылармен бірге пікірлер мен ұсыныстар алмасты. Мұндай тікелей қарым-қатынас реформалардың мәнін түсіндіруге ғана емес, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысты азаматтардың ұстанымын естуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қоғамдық сананың байыпты әрі саналы түрде қалыптасуына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1155689?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау