«Ауыл құтқарушылары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ауыл құтқарушылары»

 

2026 жылғы 5 ақпанда ауылдар мен округтер әкімдерінің, сондай-ақ ұйым басшыларының және Қарасу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының дербес құрамының қатысуымен кезекті отырыс өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде “Қарасу ауданы аумағында Ауыл құтқарушылары бағдарламасын іске асыру туралы”, “болған төтенше жағдайлардың жағдайын талдау”, “қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындықты арттыру туралы”мәселелер қаралды. Осы отырыста Қарасу ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.А. Құлбаев сөз сөйледі, ол өз баяндамасында қатысушыларды Қарасу ауданы аумағында ауыл құтқарушылары бағдарламасын іске асыру туралы, ғимараттар шатырларының жел жүктемелеріне тұрақтылығын бақылау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы таныстырды.Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстарды ескере отырып, барлық мүдделі органдарға орындау үшін ұсынымдар берілді және хаттамаға енгізілді.

Қарасу ауданының ТЖБ қызметкерлері азаматтарға қыс мезгілінде өз автомобилін отын қорымен, ашық түсті тыспен, күрекпен, балтамен, қол арқанмен, сүйретілген арқанмен, азық-түлікпен, сумен, газ жанарғысымен, батареядағы фонарьмен, жылы киіммен және GPS навигатормен, ал мүмкіндігінше сырғанауға қарсы шынжырмен жабдықтау ұсынылатынын еске салады.

Автомобильде міндетті түрде қосалқы доңғалақ, домкрат, баллон кілті, ремкомплект, сорғы, аккумуляторды қайта зарядтауға арналған кабель, авариялық тоқтау белгісі, жарамды өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы болуы тиіс. Мұның бәрі басты шарт – сіздің автомобиліңіздің техникалық жарамды күйі сақталған жағдайда қажет.

Google play және App Store-да қолжетімді “Darmen” қосымшасында Қостанай облысы ТЖД qostanaiobl_tjd Instagram әлеуметтік бетінде жарияланған SMS хабарламалар, ақпарат құралдары арқылы дауылды ескерту алған кезде. Сізге қажет:

– Ауа райы тұрақтанғанша сапарды кейінге қалдыру;

– Төтенше жағдай туындаған кезде құтқару қызметіне “101”, “102” не “112” телефоны бойынша, оның ішінде барлық ұялы операторлардың ұялы телефонынан қоңырау шалыңыз.

Қарасу ауданының ТЖБ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/press/news/details/1155880?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version