Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Бәйдібек би даңғылындағы жолайырық құрылысына байланысты осы учаскедегі көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жартылай шектелетін болады.
Атап айтқанда, құрылыстың қауіпсіз әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
даңғылдың Төлеметов көшесінің қиылысынан Ақберен көшесіне дейінгі аралығы – 2 айға,
және Төлеметов көшесінің қиылысынан Қызылқайың көшесіне дейінгі аралығы – 2 айға бір жақты шектеледі.
Жолдың жабылу мерзімі: 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап жалпы 4 ай мерзімге.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуды сұраймыз.
Бағыттарды алдын ала жоспарлап, жолда мұқият болуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/1155240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау