Бүгін, 5 ақпан күні, Дүниежүзілік сайлау күні аясында Шахтинск қаласында депутаттық корпус өкілдерінің қаладағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі болып өтті.
Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және өкілді билік институттарына деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесудің құрметті қонақтары ретінде Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова, сондай-ақ қалалық мәслихаттың екі салалық тұрақты комиссиясының төрағалары — А.К. Омарбеков және А.Тилеубек қатысты.
Іс-шара барысында Жамала Сағантаевна оқушыларға мәслихаттың жергілікті өкілді билік органы ретіндегі рөлі, оның негізгі функциялары мен қызмет бағыттары туралы әңгімелеп берді.
Әсіресе сайлаудың маңызына, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуына және депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары өздерінің күнделікті жұмыстары, комиссиялар аясында депутаттар шешетін міндеттер, атқарушы органдармен және қала тұрғындарымен өзара іс-қимыл туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу ашық әрі оң сипатта өткізілді. Оқушылар қаланың өзекті мәселелеріне қатысты белсенді түрде сұрақтар қойды. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстарын жүргізу, аула аумақтарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жабдықтау, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды дамыту бағыттары талқыланды.
Осындай іс-шаралар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылығын арттыруға және жергілікті өкілді органдардың жұмыс тетіктерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1155778?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау