ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол индустриалды аймақта орналасқан бірқатар кәсіпорындарды аралап, өнеркәсіптік жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Индустриалды аймақты аралау барысында «KazTor LTD» ЖШС-нің 3D темір торларын өндіру жобасы, «Grand MIKS» ЖШС-нің жиһаз өндіру жобасы, «Global Biotech» ЖШС-нің ауыл шаруашылығына арналған тыңайтқыштар шығару жобасы, «Нұрқағаз-Х» ЖШС-нің қағаз өнімдерін өндіру жобасы және өзге де өнеркәсіптік нысандардың құрылыс пен өндірістік жұмыстардың орындалу барысы қаралды.
Кәсіпорын басшылары өндірістік қуаттылық, жобаларды іске қосу мерзімдері, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетке қатысты ақпарат беріп, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Индустриалды аймақты аралау барысында Амонжол Бекбол анықталған мәселелерді шешу, жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы іске асыру мақсатында нақты ұсыныстар айтылып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1155173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version