НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ – ҚАУІПТІ КАРАНТИНДІК АРАМШӨП – ЖАТАҒАН (ҚЫЗҒЫЛТ) УКЕКІРЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жатаған (қызғылт) укекіре — көпжылдық, тамырсабақты, күрделі гүлділер тұқымдасына жататын карантиндік арамшөп. Бұл өсімдік – ауыл шаруашылығы дақылдарын, жайылымдарды және басқа да алқаптарды ластап, егінге зор зиян келтіреді.

Өсімдіктің тамыр жүйесі өте қуатты. Негізгі тік тамырлары 5–16 метр тереңдікке дейін кетеді, ал көлденең тамырсабақтары арқылы өсімдік кең таралады.

Жатаған укекіре тұқыммен және тамырсабақпен көбейеді. Тұқымдары топырақта 5–6 жылға дейін өміршеңдігін сақтайды. Өсімдік екінші жылы шілде–тамыз айларында жеміс береді. Қолайлы жағдайда бір өсімдік 5–6 метрге дейін шоқ түзіп, тығыздығы 1 м² аумақта 300-ге дейін сабақ шығарады.

Ол дәнді дақылдарға қарағанда 2–5 есе артық ылғал мен қоректік затты сіңіреді. Бұл өсім ауыл шаруашылығы жануарлары үшін улы: мал азығымен бірге асқазан-ішек жолына түскенде, шырышты қабатта жаралар мен тыртықтар тудырып, улану немесе өлімге алып келуі мүмкін.

Павлодар ауданындағы жағдай және күрес шаралары:

Павлодар  ауданында жыл сайын аудандық мамандар тарапынан ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қор жерлерінде укекіренің таралуына қарсы тексерулер жүргізіледі. Анықталған жағдайда – жедел түрде оқшаулау және жою шаралары қабылданады.

Шаруашылықтарға арналған ұсыныстар

Әр жылы өз алқаптарын мұқият тексеріп, ошақтарды анықтау; Бүршік жару мен гүлдеу кезеңінде рұқсат етілген пестицидтермен химиялық және агротехникалық өңдеу жұмыстарын жүргізу; Ластанған жерлердің шекараларын арнайы белгілермен көрсету.

Заң талаптары:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 шілдедегі №330-V Заңының 18-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы жер учаскелерінде карантиндік іс-шаралар сол субъектілердің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жинау жұмыстары аяқталған соң карантиндік аймақта немесе жаңа ошақтарда алынған өнім зертханалық сараптамадан өтіп, карантиндік нысандардың жоқтығы расталғаннан кейін ғана сақтауға, тасымалдауға және сатуға рұқсат етіледі.

“Өсімдіктер карантині туралы” Заңының 9-бабының 6 және 7-тармақтарын орындамаған жағдайда, нұсқама беріледі. Оны орындамаған жағдайда — ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

 

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК

Павлодар ААИ өсімдіктер қорғау                                                                 

және карантин

жөніндегі бас инспекторы                                             Сатиев М.К.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1155956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version