Шымкент жолдарында 5 жасар балалар көліктерді тоқтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент көшелерінің бірінде тәртіп сақшылары көліктерді тексеру үшін емес, жүргізушілерге алғыс білдіру үшін тоқтатты.
Полицейлермен бірге жол қозғалысының ең кішкентай қатысушылары Алдияр мен Сұңғат жүргізушілерге ерекше миссиямен шықты: жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жандарға «рақмет» айту.

Қатаң жезлдің орнына – балалардың күлкісі.
Хаттаманың орнына – Алғыс хат.
Кішкентай жаяу жүргіншілер үлкендерге қарапайым, бірақ маңызды шындықты еске салды: жол ережелері – біреудің қауіпсіздігі, біреудің аман-есен үйге жетуі, біреудің балалық шағы.

«Біз де жол қозғалысының қатысушысымыз, – дейді балалар. – Бізді де қорғасаңыздар дейміз». Бәлкім, дәл осы баланың үні әр жүргізушіге «жол ережесін сақтау – бір-бірімізге деген қамқорлық» дегенді еске салады.
Жолда тәртіп бұзушылықтан гөрі алғыс көп болсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1155888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version