ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әлеуметтік тұрақтылық пен тұрғындардың күнделікті қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта Жетісай ауданында жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары арасында бірлескен жүйелі жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде құқықбұзушылықты азайту, қоғамдық тәртіпті нығайту мен қылмысты ашудағы тиімділікті арттыруға бағытталған жаңа жоба – жедел басқару орталығы іске қосылды.
Қала, кент, ауылдық округтерде орналасқан бейнебақылау камералары арқылы жиналатын ақпаратты орталықтандырылған түрде өңдеп, құқық қорғау қызметтеріне нақты әрі жедел шешім қабылдау үшін көмектесетін заманауи жүйенің жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков аудандық полиция бөлімінде болды.
Кездесу барысында ауданның бас полицейі Мұрат Ермеков бейнебақылау камераларының құқықбұзушылық пен қылмысты анықтаудағы рөліне тоқталып, олардың криминогендік ахуалды төмендетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, кез-келген қылмысты ізін суытпай ашуға қосатын үлесін атап өтіп, көппәтерлі тұрғын үйлердің маңында бейнекамералар санын арттыру жайлы ұсынысын айтты.
Бақылау жүйелерінің жұмысымен танысу барысында бірнеше заңбұзушылық оқиғалары жедел анықталып, құқықтық бағасы берілді. Тұрғындардың қауіпсіздік сезімін арттырып, қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділікті күшейтетін бақылау камералары арқылы енді тек ереже бұзған көлік жүргізушілері мен қылмыс жасаушы тұлғалар ғана емес, жолда жүру ережелерін сақтамаған жаяу жүргіншілер де жазаланатын болады.
Алдағы уақытта бұл бағытта бейнебақылау жүйесін кеңейту, олардың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру және құқық қорғау қызметтерінің тиімділігін арттыру жұмыстарын жандандыру жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1155937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version