Түркістан қаласы әкімдігі, қалалық прокуратура және қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік — әр адамның құқығы!» тақырыбында профилактикалық форум өтті.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы, қалалық прокурор Кәукен Бахытбайұлы, қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы, сондай-ақ есептегі тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты — қоғамда көп жағдайда назардан тыс қалып жүрген, алайда азаматтардың жеке қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін сталкинг мәселесіне қоғам назарын аудару, оның алдын алу жолдарын талқылау және заңнама аясындағы жауапкершілікті түсіндіру.
Шара барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы, сондай-ақ психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Мөлдір Зайнуллақызы баяндама жасап, сталкингтің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Форум қорытындысында спикерлер сталкингтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1155830?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау