24 қаңтар күні аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов өз атынан Елеутов Қайрат Нағашыбайұлын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, Алғыс хат пен естелік шапан табыс етті.
Елеутов Қайрат Нағашыбайұлы еңбек жолын 1985 жылы Жангелді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында аға заңгер ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ол прокуратура, кеден басқармасы, ішкі саясат, әділет, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында қызмет атқарды. 2024 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде бас маман қызметін атқарды. Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 39 жылдан астам.
Қайрат Нағашыбайұлы – екі баланың әкесі, үш немеренің атасы.
«Қайрат Елеутов мемлекеттік қызметке 30 жылдан астам уақыт арнап, кәсібилігі мен жауапкершілігімен ерекшеленді. Оның аудан әкімдігінің дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланады», – деді Хромтау ауданы әкімі.
Қайрат Нағашыбайұлы адал, білімді және тәжірибелі маман ретінде әріптестері мен аудан тұрғындарының құрметіне ие. Оның кәсіби шеберлігі мен ерен еңбегі әрдайым үлгі болып қала береді.
Зейнеткерлікке шығу – ұзақ жылғы еңбек пен адал қызметтің жемісі. Қайрат Нағашыбайұлына болашақ демалысында денсаулық, қуаныш және жанұясымен береке-бірлік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1155100?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау