«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерікті жастар Байқоңыр ауданында коммуналдық қызметкерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Олар жасанды интеллект (ЖИ) арқылы дайындалған креативті фотолармен олардың еңбегін айрықша атап өтіп, алғыс білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
ЖИ көмегімен жасалған фотолар қызметкерлердің күнделікті еңбегін ерекше көріністе көрсетіп, олардың еңбегі қашанда құрметке лайық екенін дәлелдеді.
Аталған іс-шара қоғамдағы коммуналдық қызметтің маңыздылығын тағы бір мәрте дәріптеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1155761?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау