🔰 ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫ АЯСЫНДА КӨЛЕҢКЕЛІ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН АЗАЙТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Ә.Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде ұлттық жобалар мен мемлекеттік тұжырымдамалар аясында ашылған жұмыс орындары мен аударылған салықтардың түсімдеріне зерделеу жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы тобының құрамы бекітілді.
 
Бекітілген арнайы жұмысшы топ құрамына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департамент тарапынан Департаменттің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы қатысып, бүгін жұмысшы топ құрамымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде Түркістан қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету және кәсіпкерлік қызмет объектілерінде ашылған жұмыс орындары бойынша еңбек қатынастарының заңдылық талаптарымен ресімделуі және бюджетке аударылған салықтар түсімдері зерделенді.
 
«Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында еңбек қатынастарының заңдылықтарына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы өз тарапынан:
 
– Ашылған жұмыс орындарында еңбек шарттарының ресімделуінің қамтамасыз ету;
– Жалақының заңды төленуі;
– Жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру;
– Көлеңкелі еңбек қатынастарын азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілудегі жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының сақталу заңдылықтарына еңбек кодексінің талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Бұл шаралар еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізері анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1156738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version