2026 жылғы 29 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М. Омардың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста комиссия мүшелерінің шешімімен бағаны тұрақтандыру мақсатында , қосымша көлемде бакалея өнімдерін сатып алу бойынша шешім қабылданды атап айтқанда: күріш – 10 тонна, күнбағыс майы – 15 тонна, қарақұмық жармасы – 20 тонна, қант – 25 тонна, тұз – 2 тонна, макарон өнімдері – 15 тонна.
Аталған өнімдерді жеткізуші ретінде жеке кәсіпкер ИП Эрликоваға айқындалып, Қағидаға сай «айналым схемасы» аясында 65,8 млн.тенге қаражат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1156447?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау