“AQJAIYQ” телеарнасында – маңызды тақырып талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“AQJAIYQ” телеарнасының тікелей эфирінде «Заң мен тәртіп» бағдарламасы өтті. Бағдарлама барысында қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – жастар арасындағы қылмыс кеңінен талқыланды.
Талқылау барысында:
жастар қылмысының негізгі себептері,
оның алдын алу жолдары,
бұл мәселедегі мемлекеттің, қоғамның, ата-ананың және білім беру ұйымдарының жауапкершілігі сөз болды.
Бағдарламаға облыстық білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Звайда Гумарова қатысып, жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы, тәрбие мен білімнің рөлі, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алудағы білім беру ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде өз пікірін білдірді.
Жастардың болашағы – елдің болашағы. Сондықтан бұл мәселе баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1156571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version