Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов аппарат ұжымымен Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов аудандық мәслихат аппаратының ұжымымен кездесу өткізіп, Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғамдық-саяси маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, аппарат ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және маңызды мемлекеттік бастамаларды кеңінен түсіндіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1156282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version