Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеп-тексеру комиссия мүшелерімен Ақтау қаласында жүрмелі комиссия өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы П. Сансызбаев және азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеп-тексеру комиссия мүшелерімен Ақтау қаласында жүрмелі комиссия өткізілді.

Жүрмелі комиссия барысында 12-шағын ауданда орналасқан «Анвар» гипермаркетінде, 28-шағын аудандағы «Аман», сондай-ақ 26-шағын аудандағы «Алтын фуд» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг аясында 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 31 атауға дейін ұлғайтылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/press/news/details/1156136?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version