«Есірткісіз – жарқын болашақ»: жасөспірімдер арасында сурет байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыттау мақсатында құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар бірлескен профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Осы орайда, Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Есірткісіз – жарқын болашақ» тақырыбында Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-гимназиясында сурет байқауын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастыру және шығармашылық арқылы олардың ой-пікірін ашу.
Байқауға 8–9–10 сынып оқушыларынан құралған 30-ға жуық жасөспірім қатысып, тақырып аясында өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың салған суреттері тақырыптың ашылуы, мазмұны, идеяның өзектілігі мен көркемдік деңгейі бойынша әділқазылар алқасының бағалауынан өтті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1156874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version