Көкшетау қаласының прокуратурасының үйлестіруімен пробацияның бақылауындағы сотталғандармен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Рецидивтың алдын алу» жобасының аясында Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, пробация қызметі бөлімі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі және Ақмола облысының «Көкшетау қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында барлық есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тұру жағдайларын, жұмысқа орналасу фактісін, табыс көздерін, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша жеке-жеке көрсетіп, жүзеге асырылатын қызметтің сипатын, сондай-ақ оларға әлеуметтік (психологиялық, медициналық, әлеуметтік, атаулы және өзге) көмек көрсетудің дұрыстығы мен жеткіліктігін анықтай отырып, тексерулер жүзеге асырылды. Сонымен бірге, тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру бойынша негіздердің болуы және шаралар қолданбау тексерілді.  

Тексеру кезінде тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың тұру үшін  белгіленген талаптарға сәйкестігі бөлігінде кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға ерекше назар аударылды.

Тексеру барысында сотталғандарға жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың құқықтық салдары, сондай-ақ оларға сот үкімі бойынша жүктелген міндеттемелерді орындау қажеттілігі түсіндірілген болатын.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1156753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version