Ауа райының нашарлауына (боран, екпінді жел, көрінудің шектеулі болуы) байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 6 ақпанында сағат 9:30-дан бастап барлық көлік құралдары үшін (арнайы жол, апаттық және құтқару қызметтерінің көліктерінен басқа) қозғалыс шектеуі енгізіледі.
Шектеу автокөлік жолының келесі учаскесінде:
«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары»
7-166 км учаскесінде (Ушанское ауылы – Алтай қаласы).
Жүргізушілерден бағыттарын жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1156233?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау