Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Карибаевич Тұңғышбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.
Іссапар аясында ол Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15, №75 және №79 мекемелеріне барып, олардың қызметімен танысты. Сапар барысында сотталғандардың күн тәртібі, ұсталуы мен тұрмыстық жағдайы, сондай-ақ белгіленген режим талаптарының сақталуы жан-жақты зерделенді.
Сонымен қатар, №15 мекемеде жаңадан қолданысқа берілген өндірістік аймақ тексерілді. Бұл ретте сотталғандарды еңбекпен қамту, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және қайта әлеуметтендіруге бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Іссапар қорытындысында Рүстем Карибаевич №15, №75 және №79 мекемелерінің жеке құрамымен жеке қабылдау өткізіп, қызметкерлердің өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, мекемелер қызметін одан әрі жетілдіру, заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1156107?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау