САУРАНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен «Жер қатынастары» және «Сәулет және қала құрылысы» бөлімдерінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарлары қаралған мәжіліс өтті. Жиында жер ресурстарын тиімді пайдалану, құжаттандыру үдерістері, құрылыс саласындағы жоспарлау және бақылау бағыттары бойынша атқарылған шаралар талқыланды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудан ауылдық округ әкімдері, аталған бөлімдердің басшылары және аудан тұрғындары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, әр бағыт бойынша нақты есеп пен алдағы кезеңнің міндеттері ұсынылды.
Жиынды ашқан аудан әкімі жер қатынастары мен сәулет-қала құрылысы салаларындағы тәртіп пен жүйелілік ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Елді мекендерді дамыту барысында инженерлік инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктер және тұрғын үй құрылысы бағытындағы жұмыстардың сапасына ерекше назар аударылатынын жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сауран ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары» бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев баяндама жасап, 2025 жылы атқарылған жұмыстар менжоспарланған шараларды таныстырды. Баяндамашы жер телімдерін рәсімдеу, жер пайдалану тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Екінші мәселе бойынша «Сәулет және қала құрылысы» бөлімі басшысының орынбасары Нұрмахаммед Қайратұлы баяндама жасап, 2025 жылғы нәтижелер мен 2026 жылға арналған жоспарларды ұсынды. Ол аудан аумағындағы құрылыс және жоспарлау жұмыстары, құжаттамаларды келісу, сәулеттік талаптарды сақтау, елді мекендердің көркейтілуі мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша атқарылған шараларды баяндады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1156833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version