Түркістан облысында полиция жоғалған жылқы үйірін тауып, жергілікті тұрғынға қайтарды 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында полиция жоғалған жылқы үйірін тауып, жергілікті тұрғынға қайтарды. Түркістан облысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға жоғалған малдарын тауып, қайтарып берді.

Ауыл тұрғынынан 21 бас жылқының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскеннен кейін, полицейлер дереу іздеу шараларын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары көршілес аумақтарды және жайылымдарды қарап, жан-жақты тексеру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде жоғалған үйірді тапты. Сауран ауданының тұрғыны Ф.Жорабекова аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жылқы іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар полиция үй жануарларының иелеріне жайылым ережелерін сақтау және малдарды қараусыз жібермеу қажеттігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1156288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version