#MaslikhatAlmaty Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия депутаттары Алматы қаласы бойынша «Қазгидромет» филиалына барды. Жұмыс сапары барысында депутаттар қызметтің негізгі бағыттарымен, материалдық-техникалық базасымен, мониторинг жүйесімен және қоршаған ортаның жай-күйін бақылау әдістемелерімен танысты.
«Қазгидромет» өкілдері атмосфералық ауаның, топырақтың, су ресурстарының сапасын, сондай-ақ радиациялық фонды бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Қызметтің экология және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік органдар басқарушылық шешімдер қабылдауда сүйенетін ресми әрі сенімді деректерді қалыптастырудағы негізгі рөлі атап өтілді.
Сонымен қатар талқылау барысында қосымша назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, техникалық жарақтандыруды одан әрі күшейту, жабдықтарды жаңғырту және толыққанды әрі заманауи экологиялық диагностика жүргізу үшін қаржылық мүмкіндіктерді кеңейту қажеттігі айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1156989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау