Қарақия ауданында сауда нысандарындағы баға тұрақтылығы бақылауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғындар тарапынан жергілікті сауда орындарындағы тауар бағаларының қымбаттауына қатысты шағымдардың түсуіне байланысты Қарақия аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі мән-жайды анықтау мақсатында мониторинг жүргізді.

Тексеру барысында бірқатар дүкен сөрелерінде кей тауарларға баға көрсеткіштерінің қойылмағаны, сондай-ақ жекелеген өнімдер бойынша бағаның өсу белгілері байқалғаны анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлерге тиісті ескертулер жасалып, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Әсіресе әлеуметтік маңызы бар, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын азық-түлік тауарларының бағасына ерекше бақылау жүргізілді. Бұл бағытта кәсіпкерлік субъектілеріне аталған тауарларға үстеме бағаның 15 пайыздан аспауына қатысты талаптар нақты жеткізілді.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі алдағы уақытта да баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қорғау мақсатында бақылау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1157008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version